Бос лауазымдық қызметке конкурс жариялайды
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі бос лауазымдық қызметке конкурс жариялайды.
1. Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханашы қызметіне.
2. Орналасқан жері: Абай облысы Семей қ., Әуезов даңғылы 17
3. Байланыс нөмірі: 8/7222/ 32-77-71.
4. Электрондық мекен-жайы: semey_sosh27@mail.ru
5. Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Толық ақпарат алу үшін:
Абай облысы Семей қ., Әуезов даңғылы 17
Байланыс нөмірі: 8/7222/ 32-77-71.
Электрондық мекен-жайы: semey_sosh27@mail.ru хабарласу керек.
4. Құжаттарды қабылдау аяқталатын күні мен уақыты: Хабарлама берілгеннен кейін 15 күнтізбелік күн ішінде , 9.00 сағат 17.00 дейін қабылданады.
5. Байқауға қатысушыға қойылатын талаптар:
- кітапханашы қызметінде 3 жылдан кем емес еңбек өтілі
- Кітапхана мамандығы бойынша арнаулы орта және жоғары білімінің болуы
- компьютерде жұмыс істей білуі.
-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі, ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 13 шiлдедегi "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" № 338 бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" № 319 заңы, жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері және жергілікті нормативтік актілер
6. Байқауға қатысушыға қойылатын негізгі талаптар, белгіленетін үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес тиісті лауазымға:
Кітапханашы:
. Кітапхана құжаттамаларын жүргізеді және олардың шынайылығына жауап береді. Атап айтқанда, мынадай құжаттамалар:
• инвентарлық журналдар, жалпы есепке алу журналы (салалық басылымдар мен оқу құралдарының пайдаланылуы бойынша);
• мектеп кітапханасы жұмысының күнделігі;
• оқырмандар жоғалтқан кітаптардың орынын ауыстыру және орнына берілген кітаптарды қабылдау дәптерлері;
• келіп түсу және есептен шығару жөніндегі актілік құжаттар;
• оқулықтар мен оқу құралдары қорының картотекасы.
. Қор жағдайы мен оқырмандар сұранысын зерттеу негізінде Білім беру басқармасының рұқсат қағазы (разнарядкасы) бойынша білім беру бағдарламаларына сәйкес кітапхана қорын құрады.
• анықтамалықтарға, энциклопедияларға, сөздіктерге және классикалық әдебиетке басым сипат бере отырып ғылыми-танымдық және көркем құжаттар қорын жасақтайды.
• оқу құжаттары мен әдістемелік құжаттарға тапсырыстар береді; Қазақстан Республикасының жаңа үлгідегі оқулықтар жинақтамалары тізбесін пысықтайды, мұғалімдер мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қол қойған оқулықтарға тапсырысты ресімдейді, жаңа құжаттардың келіп түсуін қадағалайды т. б.
• дыбысбейнелі құжаттар қорын толықтырады (техникалық құралдар көмегімен көрсетілетін бейнелі және/немесе дыбыстық, мәтіндік ақпараттары бар құжаттармен).
Кітапхана қоры бойынша:
• құжаттардың есепке алынуын (келіп түсуін, оқуға берілуін, шығарылуын) жүзеге асырады;
• құжаттардың техникалық өңделуін, алынуын ұйымдастырады;
• құжаттардың жүйелі түрде әліпбилік тәсілмен орналасуын қамтамасыз етеді және олардан оқушыларға арналған тақырыптық, жанрлық көрмелер ұйымдастырады;
• оқырмандарға берілген құжаттардың пайдаланылуын және қайтарылуын қадағалайды; ашық қол жеткізілім жағдайы кезінде кітапхана қорының сақталуына қатысты шараларды қарастырады: оқырмандармен алдынала әңгімелер өткізеді, құжаттарға мұқият болу жөнінде ескертпе-бетбелгілер дайындайды, құжаттардың дер кезінде қайтарылуы үшін тиісті шаралар қолданады т. б.;
• ішкі жұмыстар жүргізілетін сағаттарда және санитарлық тазалық күндерінде қорлардың дұрыс орналасуын тексереді, құжаттарды қарап, ескірген, ғылыми-танымдық құндылығын жоғалтқан, сондай-ақ тұтынудан қалған, жөндеуді, қалпына келтіруді қажет ететін құжаттарды анықтайды;
• директоры қол қойған бұйрыққа сәйкес қорға мезгіл-мезгіл тексеру жүргізіп отырады;
• кітапхана қорының физикалық сақталуын және талап етілетін сақтау режимдерінің орындалуын қамтамасыз етеді; өрт қауіпсіздігіне байланысты шаралар қабылдайды.
Абонементке, оқу бұрышында, сыныптарында, оқу кабинеттерінде диффренцияланған (саралап жіктелген) кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету ісін ұйымдастырады:
• оқырмандар қызығушылығын зерттейді: жеке әңгімелесулер, сауалнамалар арқылы;
• ұжымдық және жекелей мәтін оқу жоспарларын жасайды;
• оқырман формулярларына (тіркеу карточкаларына) талдау жасайды;
Оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дәстүрлі және машинамен оқылатын негіздерге түсірілетін анықтамалық-библиографиялық аппараттарды жасау ісін ұйымдастырады, жүргізеді, редациялайды және оған жауап береді.
Жұмыстың жеке, топтық және бұқаралық формаларын: әңгімелесу, көрмелер өткізу, библиографиялық шолулар жасау, кітаптарды талқылау, оқырмандар конференцияларын, әдеби кештер, викториналар өткізу шараларын т. б. қолдану арқылы үздік құжаттар үлгілерінің кең таралуына ықпал етеді.
Оқушылардың кітапханалық-библиографиялық білім минимумымен танысуын, яғни: кітапхананы пайдалану, қорларды орналастыру ережелерімен, анықтамалық-библиографиялық аппаратпен, кітап құрылымымен және оның безендірілу тәсілдерімен, анықтамалық құжаттармен т. б. танысуын қамтамасыз етеді.
Кітапхананы жабдықтармен, өндірістік құралдармен, кітапханалық техникалармен қамтамасыз етеді; заманауи интерьер ұйымдастырады, кітапхананың көркем безендірілуіне жауап береді, оқырмандарға қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Компьютерлер болса, жаңа ақпараттық технологияларды қолданысқа ендіреді.
Кітапханада тиісті санитарлық-гигиеналық режимді қамтамасыз етеді.
Кітапхана активін жасақтайды, оқырмандарды (соның ішінде оқушыларды) кеңесші орган – кітапхана кеңесі мен оқырмандар активінің жұмысына қатысушы ретінде тартады.
7. Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар:
- мемлекеттік кәсіпорын басшысының атына жазылған өтініш (еркін нысанда);
- түйіндеме;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- білімі жөнінде құжаттың көшірмесі;
- еңбек жолын растайтын құжат;
- (зейнетақы шарты) құжаттарының көшірмесі;
- психиатриялық және наркологиялық диспансерінен анықтама;
- соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
- «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Рспубликасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша медициналық анықтамасы.