Абай күні, Абай мерекесі құтты болсын!
10 тамыз - Абай күні Бүгін, 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ойшылы – Абай Құнанбайұлының туған күні. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысымен 10 тамыз ресми түрде «Абай күні» болып бекітілді. Ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына үлгі ұлт мақтанышы - Абай күні, Абай мерекесі құтты болсын!