«Жас Ұлан және Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан және Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіімі. 25 қазан Республика күніне орай оқушыларды «Жас Ұлан және Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанаты түрде қабылдау лездемесі өткізілді. Ұйымның басты мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімі, білім мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысты, іске жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Мектебімізде ұйымға «Жас ұлан»-30, «Жас қыран» -30 оқушы қабылданды.