«Жеңге - мінезімен көркем» атты жеңгелерге тренинг ұйымдастырылды
«Даналық» мектебі жоспарына сай 8 сыныптар арасында «Жеңге - мінезімен көркем» атты жеңгелерге тренинг ұйымдастырылды . Мақсаты: жеңгелердің ақылдылығы мен шеберлігін көрсету. Қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау. Қатысушылар қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрып жайында қойылған сауалдарға жауап беріп жағдаяттар бойынша өз ойымен бөлісті. #БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ_АБАЙ_ОБЛЫСЫ_СЕМЕЙ_ҚАЛАСЫ