Көркем өнер және АӘТД пән бірлестік апталығының талдауы
Көркем өнер және АӘТД пән бірлестік апталығының талдауы
2021–2022 оқу жылның 15.11. 2021 - 19.11.2021уақыты аралығында көркем өнер және АӘТД пән бірлестігінің апталығы өткізілді. Бұл апталыққа жоспар құрылып бекітілген болатын. Жоспар бойынша ашық сабақтар мен тәрбие сағаттар өткізілген болатын:
15 қарашада «Шеберлік әлеміне саяхат» эстетикалық сауаттылық апталығы аясында аптапталықтың ашылу салтанаты лездеме өткізілген болатын. Лездемеде жоспар құрылымын айтылып, оқушылар өлең, би өнерлерін көрсете білді. Жұмбақтар жасырылды. Лездеме оқушыларға қызықты өтіп мақсатына жетті деп ойдамын.
16.11.2021 көркем еңбек пәні мұғалімі Мұқышев М.А. 5 «Б» сыныбында «Дәстүрлі емес материалдардан бұйым жасау» тақырыбына ашық сабағын жүргізді. Сабақ типі жағынан аралас сабақ. Барлық кезендері қамтылған әдістемелік талапқа сай. Үй тапсырмасы жаппай сұрау арқылы өтілген материалды бекіту мақсатында тексерді.

Көркем еңбек көркем еңбек пәні мұғалімі Мукушев М.А. 5 «А» сыныбында «Қазақ халқының өру өнері» сыныптан тыс сағатын өткізді. Сыныптан тыс сағаты интерактивті тақта арқылы өткізілген. Ойын барысында оқушы денгейі ескерілген. Теорияны практикамен алмастыра отырды. Оқушылар тәртібі, белсенділігі өте жақсы. Сабақ мақсатына жетті деп ойдамын.
17.11.2021 музыка пән мұғалімі Маутханова Н.К. «Мектептегі бір күн» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ жаңа материалды меңгеру сабағы. Барлық кезендері қамтылған, құрылымы әдістемелік талапқа сай. Оқушылар тәртібі, белсенділігі өте жақсы. Мақсаты, айтылды, терминдерге түсінік берілді. Сабақ түсіндіру барысында интерактивті тақтаны белсенді қолданылды. Тапсырманы орындау барысында оқушы денгейі ескерілген. Теорияны практикамен алмастыра отырды. Сабақ мақсатына жетті деп ойдамын.


Алғашқы әскери технологиялық даярлық пәні мұғалімі Тиыштықбаев Е.Б «Шақырушылар күні» 10 – 11 сынып ұлдар арасында өтетін әскери патриоттық іс-шара сайыс түрінде өткізді. Сайыс өте қызықты өтті. Оқушылардың сайысқа дайындығы, тәртібі жақсы. Алғашқы әскери технологиялық даярлық сабағының теориясын практикамен алмастыра отырды. Сайыс мақсатына жетті деп ойдамын.
19.11.2021 көркем еңбек пәні мұғалімі Кенжегалиева Л.Б. 5 – 9 сыныптар арасында «Тәуелсіздікке тарту» оқушылар шығармашылығының көрмесін ұйымдастырып өткізді. Көрме барысында барлық мектеп оқушыларының жасаған бұйымдары мен суреттері шығарылған. Оқушылар да мұғалімдер де келген ата-аналарда көріп қызықтады.
Музыка пәні мұғалімі Маутханова Н.К. 2 – 6 сыныптар арасында «Дарынды бала» фестивалін өткізді. Фестиваль өте қызықты өтті. Оқушылардың фестивальға дайындығы, тәртібі жақсы. Сарапшылар қатысушыларының өнерлерін талдап жүлделі орындар берді. Фестивальға оқушылар да мұғалімдер де келген ата-аналарда көріп қызықтады. Фестиваль мақсатына жетті деп ойдамын.
Көркем еңбек пәні мұғалімі Кенжегалиева Л.Б. 6 «Г» сыныбында «Вязание крючком разных изделий» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ жаңа материалды ары қарай жалғастырып меңгеру сабағы. Барлық кезендері қамтылған, құрылымы әдістемелік талапқа сай. Үй тапсырмасы жаппай сұрау арқылы өтілген материалды бекіту мақсатында тексерді. Оқушылар тәртібі, белсенділігі өте жақсы. Мақсаты, айтылды, терминдерге түсінік берілді. Сабақ түсіндіру барысында интерактивті тақтаны белсенді қолданылды. Тапсырманы орындау барысында оқушы денгейі ескерілген. Көрнекі құрал, суреттер тиімді пайдалынды. Теорияны практикамен алмастыра отырды. Сабақ мақсатына жетті деп ойдамын.

«Шеберлік әлеміне саяхат» эстетикалық сауаттылық апталығы аясында аптапталықтың жабылу салтанаты лездеме өткізілген болатын. Лездемеде оқушылар өлең, би өнерлерін көрсете білді. Жұмбақтар жасырылды. Апталықта қатысқан оқушыларға жүлделі орын алған оқушыларға грамота таратылды, алғыс білдірді. Лездеме оқушыларға қызықты өтіп мақсатына жетті деп ойдамын.
Технология, бейнелеу өнері және музыка пән бірлестіктің апталығы жалпы жақсы өтті деп ойлаймын.