Жаратылыстану әдістемелік бірлестік апталығы » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаратылыстану әдістемелік бірлестік апталығы

21
февраль
2022

Жаратылыстану әдістемелік бірлестік апталығы

14.02- 18.02.2022 жаралығында өткен 

жаратылыстану әдістемелік бірлестік апталығының есебі


№ 27 Жалпы орта білім беретін мектебінде 14.02-18.02 күні аралығында жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің апталығы басталды.Апталықта химия,биология,физика, география пәндері бойынша ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс шаралар жоспарға сай өткізілетін болады.Екінші  қабатта арнайы тақырыптық қабырға газеттері ілініп безендірілді.Білім алушыларға ұстелде викториналық сұрақтар қойылды . Кез келген оқушы сұрақтарға жауап беріп, арнайы жәшікке салады. Мақсаты: оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызуғушылығын ояту, өз бетінше білім алу қызметін ұйымдастыру;  логикалық   ойлау қабілеттерін, функционалдық сауаттылығын дамыту;әр түрлі ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, оқыту қызметін ұйымдастыру процесінде қазіргі заманғы технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану. 

14.02  күні 8 «В» сыныбында география пәнінен «Демографиялық көрсеткіштер» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты елдердің демографиялық жағдайын талдап, демографиялық көрсеткіштерін есептеу: халық саны, туу және өлім коэффициенттері, табиғи және механикалық өсім, жалпы өсім, жас-жыныстық көрсеткіштер, ұлттық және діни құрамын білу. Сабақта  акт құралдарын пайдаланып , интернет арқылы kаhoot ойны ойнатылды, бейне материалдар көрсетілді. Сабақ барысында  топтық жұмыс,жеке оқушымен жұмыс, қабілеті төмен оқушылармен жұмыс жүргізілді. Сабақта пән мұғалімі жеке оқушылармен, қабілеті төмен оқушылармен жұмыс жүргізе білді, мұғалім өз мақсатына жете алды. 

18.02. күні 7 Б сыныбында географиядан сыныптан тыс сабақ өтілді.Сайыстың мақсаты:.Оқушылар өз білімдерін жан жақты көрсете алды. Топтық жарыс түрінде өтті Сайыста картамен жұмыс, сөздерден сөз құру, номенклатурамен жұмыс жасалды. Пән мұғалімі Туякбаева Н.М. 

 18.02 10 В сыныбында «Цели и задачи, предметы исследования   геополитики»  тақырыбы бойынша  ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаттары бағдарлама талабына сай келеді. Сабақ барысында әр оқушының қабілеті, қажеттілігі,қызығушылығы ескеріліп өткізілді. Оқушыларға жеткізудің формасы мен әдістері анық,қарапайым нақты ұйымдастырылды. Сабаққа,тақырыпқа оқушылар қызығушылығын сабақтың әр түрлілігімен, әдістерімен - жеке, жұппен және топпен жұмыс жасау арқылы мұғалім жүзеге асырды. Сонымен қатар Google Forms,  Google Earth   қосымшалары да тиімді пайдаланды. Дескриптор бойынша, критерий бойынша бір-бірін бағалау және бағалау парақшасы арқылы өзін-өзі бағалау қолданды. Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, сабақ мақсатына жетті. 

Тарих және география пәні мұғалімі Шайкиева Г.Е  

24.02.2022ж  9”А” сыныбында биология пәнінен «Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі: толық және толымсыз доминанттылығы" тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақтың мақсаты: 9.2.4.4 - толық және толымсыз доминаттылықты салыстыру 

Сабақта пайдаоланған әдістері: WorldWall бағдарламасының «Жасырын ұяшық» әдісі  қолданылды, және үлгерімі төмен оқушыларғада «Биологиялық диктант» әдісін қолдана отырып тексерілді. «Шапалақтау» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізілді.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Галерея» әдісі бойынша берілген суреттер арқылы оқушылар мағынаны таныды. Жаңа тақырып түсіндірілді.Конверттік әдіс арқылы, оқушыларға сұрақтар қойылды. Оқушыларды сергіту мақсатында «Отшашу» әдісі қолданылды. Тақырыпты бекіту мақсатында келесі тапсырмалар орындатылды:

Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушыларға толық және толымсыз доминаттылықты салыстыра алды. Оқушылар ашық сабаққа өте белсене қатысып, тапсырмалар орындады.

Биология пәні мұғалімі: Исабекова А.С.


24.02.2022 химия пәні ашық сабағының   тақырыбы: Заттардың қасиеттерінің кристалдық тор құрылысына тәуелділігі. Сабақтың мақсаты:8.1.4.3 -заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру.Сабақта оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту мақсатында топтық, жұптық, жекелеме жұмыс қолданылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты, қызығушылық танытты. Сабақ үстінде оқушылар өз-өзін бағалау, топтық жұмыс, қалыптастырушы бағалау, зерттеу   жұмыстарын, «Модельдеу» әдісі бойнша жұмыс жасады.  АКТ құралдарын пайдалана білді бейнебаян, интерактивті тақта, карточкалар,  ақпараттық қағаздар, слайдтар, «Padlet» тақтасы, «Google форма» тест тапсырмасы,химиялық құралдар, реактивтер.Сабақ барысында алдыңғы оқуды  оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар берілді және сабақ барысында топпен бірге жұмыс жасалды. Оқушылардың білім-білік деңгейлері ескеріліп деңгейлік тапсырмалар берілді және шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып оқыту жүзеге асырылды.Сабақ барысында өзіндік талдау жасау,  ой қорыту, зерттеушілік,танымдық,іздемпаздық, шығармашылық біліктіліктері шыңдалды.Сабақ барысында оқушылар өздерін тәртіпті ұстады, топпен жұмыс жасағанда да ұйымдастырушылық қабілеттері көрінді, сабаққа жақсы қызығушылықпен қатыса алды.Пән мұғалімі Анапьянова А.Д.

16.02. күні 9”Б” сыныбында Химия пәнінен Аммиак. Құрылысы,физикалық және химиялық қасиеттері, қолданылуы.№ 12 зертханалық тәжірибе "Аммиак молекуласының моделі" тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға аммиактың молекулалық құрылысы, алынуы, физикалық, химиялық қасиеті туралы мағлұмат бере отырып, пәнге деген қызығуы мен қабілетін арттыру. Сабақ «Жүректен жүрекке» әдісі  жағымды ахуал туғызудан басталды. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілектер айтты. Оқушылар үлестірме қағаздар арқылы үш топқа бөлінді.Үй жұмысын сұрау мақсатында «Сиқырлы ұяшықтар» әдісі қолданылды, және үлгерімі төмен оқушыларғада «Химиялық диктант» әдісін қолдана отырып тексерілді. «Бағдаршам» әдісі арқылы қалыптастыруша бағалау жүргізілді.Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша берілген суреттер арқылы оқушылар жаңа тақырыпты тапты. Жаңа тақырып түсіндірілді. Оқушыларды сергіту мақсатында «Жаңбырдың жауы» әдісі қолданылды. Тақырыпты бекіту мақсатында келесі тапсырмалар орындатылды:ермексаздан  аммиактың   моделін жасау.,шар тәрізді модельдерден аммиактың моделін  құрастыру.Жеке жұмыс. Оқушылар «Kahoot» платформасы арқылы тапсырмаларды орындады. Қалыптастырушы бағалауға «Бағдаршам» әдісі қолданылды. Сабақ соңында оқушылар Padlet тақтасы арқылы «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі бойынша сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушыларға аммиактың молкулалық құрылысы, алынуы, физикалық, химиялық қасиеті туралы мағлұматтар алды. Оқушылар ашық сабаққа өте белсене қатысып, тапсырмалар орындады.Химия пәні мұғалімі: Рахметова А.О.

18.02.22 ж       8 Б сыныбында физика пәні бойынша «Электр тогының жұмысы мен қуаты.Электр тогының жылулық әсері.Джоуль Ленц заңы»  ашық сбағы өтті. Сабақтың мақсаты:жұмыс және қуат формулаларын пайдаланып ,Джоуль Ленц заңын есептер шығаруда пайдалану.Сабақта топтық жұмыс қолданылды.Оқушылардың ағылшын тілінде терминдерін сұрау барысында «Шыбын ұру» тәсілін пайдаланды.Оқушылар белсенді жұмыс жасады,сабаққа қойылған мақсатына жетті.       Пән мұғалімі:Бейсембаева А.


Жаратылыстыну пәндерінің әдістемелік жетекшісі:                                      Туякбаева Н.М.