БАСТАУЫШ СЫНЫП апталығы » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы

24
январь
2018

БАСТАУЫШ СЫНЫП апталығы

БАСТАУЫШЫМ – БАСТАМАМ, БІЛІМ ЖОЛЫН БАСТАҒАН

Заңғар жазушы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім болмақ» десе, көреген ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте     оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп тұжырымдайды. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден - бір дара жолы - білім жүйесі. Орта мектеп - білім жүйесінің ең басты буыны. Ал оның алғашқы баспалдағы – бастауыш сынып. Орта мектепте  қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Осы орайда   Сулейменова Айжан Елеусизовнаның басшылығымен біздің №27 мектеп ұжымы  Тәуелсіздік   туы желбіреген  егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде,  олардың  бойына  ізеттілік,  қайырымдылық, кішіпейілділік,  әдептілік, елін, жерін,  Отанын  сүюшілік секілді  ең  асыл қасиеттерді  қан мен  жанына  сіңіруде аянбай тер төгуде. Соның бір дәлелі директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары Жундибаева Ряш Канапияновнаның бастамасымен 2017-2018 оқу жылының қаңтар айында   «Бастауышым – бастамам, білім жолын бастаған» тақырыбында дәстүрлі түрде апталық ұйымдастырылды. Бастауыш сынып апталығына әдістемелік бірлестігі жоспар құрып, бекітті. Апталық жоспарға сәйкес өткізілді. Алғашқы оқу жылын артқа тастаған аталмыш білім ордасының ойы озық, шығармашылығы шырқау, ізденісі ілгері ұстаздары білім бәсекелерінде бірнеше мәрте белсенділік танытудан танған емес. Жарқын болашақтың бастауын бастауыштан қалайтын ұстаздар өз іс-тәжірбиелерін ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар  өткізу арқылы ортаға салды.  

Ұзақ жылдар бойы ұстаздық жолда аянбай адал еңбек еткен тəжірбиелі ұстаздарымыз Пушпакбаева Карлығаш Капановна, Унженина Ольга Николаевна, Нуртазова Светлана Уразхановна, Мыңжанова Гүлдерай Серікжанқызының 7 модульді сабақта ықпалдастыра өткізген ашық сабақтары жастарға үлгі боларлықтай. 

Сондай-ақ, жас та болса терең танымымен, тынымсыз тірлігімен тың серпіліс танытып үлгерген, жаңа технологиялардың қыр-сырын меңгерген  Лаура Қайнарқызы, Зәуре Сәбешовна, Қарлығаш Оралғазықызының ашық сабақтары мен Жансая Ғалымжанқызының БжС  технологиясы бойынша өткізген «Әскербектің әтеші» сыныптан тыс жұмысы өте сәтті шықты десе де болады.  

4 «А» сыныбы мұғалімі Пушпакбаева Қарлығаш Қапановнаның тәрбиелік мәні зор тағылымы мол «Адам бойындағы асыл қасиеттер» тақырыбындағы тәрбие сағаты жоғары деңгейде  өтті. Оқушылар да белсенділік танытып, қазақтың салт-дәстүрлерін, мақал-мәтелдерін, әдет-ғұрыпқа байланысты тыйым сөздерін көп білетіндіктерін көрсетті. 3-сыныптар арасында «Мен ақылды  баламын»  интелектуалды сайыс сабағында, орыс сыныптар арасында «В гостях у сказки» тақырыбында оқушылар тамаша сахналық қойылымдар көрсетіп, ерекше көзге түсіп, белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. №27 жалпы білім беретін киелі білім ордасында осындай игі бастамалар өз жалғасын  таба беретіні сөзсіз.