26
март
2026
«Құндылықтар негізіндегі тәрбие мен білім» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті
📚 «Құндылықтар негізіндегі тәрбие мен білім» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті
Күн тәртібінде білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды мәселелер қарастырылды.
🔹 3-тоқсан бойынша оқу үлгерімінің қорытындылары талданып, 11-сынып оқушыларының қаңтар-наурыз айларындағы ҰБТ нәтижелері сараланды.
🔹 «Алтын белгі» үміткерлерінің тізімі бекітіліп, 4 және 9-сыныптарда БЖБ/МОДО өткізу қағидалары түсіндірілді.
🔹 9, 11-сыныптардың қорытынды аттестациясын өткізу тәртібі мен 5-8, 10-сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен емтихан алу мәселелері қаралды.
🔹 1-сыныпқа қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ережелері таныстырылды.
🔹 Қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы және «тәуекел топ» оқушыларымен жұмыс бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар, әдістемелік бөлімде тілдік пәндер сабақтарында заманауи білім беру технологиялары мен жасанды интеллектті қолдану мәселелері қозғалды.