19
май
2026
«Білім берудегі шахмат: бастауыш сыныптарға енгізу» атты республикалық конференция
19 мамыр күні Шәкәрім атындағы университетінде «Білім берудегі шахмат: бастауыш сыныптарға енгізу» атты республикалық конференция өтті. Конференцияға өңірлік білім басқармасының өкілдері, Қазақстан шахмат федерациясы, жоғары оқу орындарының мамандары және «27 ЖОББМ» КММ ұжымы қатысты.
Конференция барысында мектеп директоры Тукенова Айгүл Тұрсынқызы «Білім берудегі шахмат» жобасы тақырыбында баяндама жасап, 1-сынып оқушыларына шахмат ойынының негізгі ережелерін меңгертудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, шахматтың оқушылардың логикалық ойлауын, талдау жасауын және жоспарлау қабілеттерін дамытудағы рөлі ерекше екені айтылды.
Бастауыш сынып мұғалімі Сарқытбекова Орынтай Нұржанқызы мектебіміздің мақтанышы ретінде өз жетістіктерімен бөлісті. Ол Астана қаласында өткен республикалық байқауда «Білім берудегі шахмат бағдарламасының үздік мұғалімі» номинациясын иеленіп, алған марапаттарын таныстырды.
Конференция соңында мектеп директоры Тукенова Айгүл Тұрсынқызы мен Сарқытбекова Орынтай Нұржанқызына арнайы сертификаттар табысталды.