«Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты әскери-патриоттық сайысы
Тақырыбы: «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты әскери-патриоттық сайысы.
Мақсаты және міндеті: Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуының 30 жылдық мерекесін салтанатты турде атап өту.
-Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу.
-Оқушылардың әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру.
-Оқушылар арасында достықты нығайту.
-Оқушылардың дене даярлығын спорттық шеберліктерін арттыру.
-Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.
-Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Өткізілетін орны мен уақыты: № 27 ЖОББМ акт залы, 2019 жыл 4 ақпан, уақыты 10.00.
Көрнекіліктер:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимн.
2.Ауған соғысы жайлы мәліметтер, суреттер.
3.Экран, проектор, презентациялар
Жарысқа қатысушылар: Жарысқа 7 «А», 7 «Б», 7 «В» сыныптары қатысады. Команда құрамында 5 оқушы (4 ұл,1 қыз бала) қатысады.
Жарыстың өткізу шарттары: Жарыс 6 сайыс түрі бойынша өткізіледі.
- Пневматикалық винтовкадан оқ ату(1 ұл,1 қыз).
- Қарумен саптық тәсілдер (5 оқушы).
- Газ тұмылдырықтыуақытқа кию (5 оқушы).
- Автоматты толық емес бұзып жинау (1 ұл,1 қыз).
- Оқжатарды оқпен жарақтау (1 ұл,1 қыз).
- Ұйқыға жату және тұру (1 ұл).
Жарыстың өтілу барысы: (Әскери - патриоттық әуен)
Жүргізуші: (Рапорт) Жас сарбаздар түзел, тік тұр, түзулік ортаға, майор мырза 7 сынып оқушылары әскери-патриоттық жарысқа сапқа тұрғызылды, баяндап тұрған жас сарбаз Жібек. Әскери салемдесу.
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі де құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, келген қонақтар, оқушылар!!! Әскери патриоттық іс-шара Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Ауған соғысының ардагерлері, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары барлығы да жастарға бағыт-бағдар беруде. Бұл жердегі негізгі мақсаттардың бірі жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, әскери өмірдің қыр-сырын насихаттау болып табылады.
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң
– деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.
Ауған соғысының ардагерлері: Запастағы майор Манасов Айдар Тортаевич,
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Ата жолын жалғамақ,
Ел намысын қорғамақ
Ұлдар, қыздар шықсын ортаға,
Бүгін Жас сарбаз атанбақ!!!
Олай болса, ортаға қатысушы топтарды шақырайық, әдет-ғұрып төңірегіндегі біліктілік, ақыл парасат, өнер-жігерлік пен батырлық сайысында күш сынасып тапқырлық көрсететін топтар:
1топ- 7 «А» сынып оқушылары (Қыран тобы)
2топ- 7 «Б» сынып оқушылары (Қайсар тобы)
3топ- 7 «В» сынып оқушылары (Жалын тобы)
Жүргізуші: Жарыс 6 сайыс түрі бойынша өткізіледі.
1 сайыс: Пневматикалық винтовкадан оқ ату (1 ұл,1 қыз)
2 сайыс: Қарумен саптық тәсілдер (5 оқушы)
3 сайыс: Газ тұмылдырықтыуақытқа кию (5 оқушы)
4 сайыс: Автоматты толық емес бұзып жинау (1 ұл,1 қыз)
5 сайыс: Оқжатарды оқпен жарақтау (1 ұл,1 қыз)
6 сайыс: Ұйқыға жату және тұру (1 ұл)
Жүргізуші: Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі байқауда сіздерге үлкен сәттілік тілейміз! Ал енді әділ баға беретін әділ қазылар алқаларымен таныс болыңыздар:
- Запастағы капитан Нукунов Шопайхан Семейханович
- Запастағы майор Манасов Айдар Тортаевич
- Запастағы подполковник Касымов Ерлан Сергазинович
Сайыс ережесімен таныстыру үшін мектебіміздің әскери жетекшісі запастағы майор Тиыштықбаев Ерсін Бақдаулетовичке сөз кезегін береміз.
Жарыс 6 сайыс түрі бойынша өткізіледі, әр сайыс 10 ұпай санымен саналады.
1 сайыс: Пневматикалық винтовкадан оқ ату. Әр топтан 1 ұл және 1 қыз қатысады. Арақашықтық 10 метр; нысана П-8; атылатын оқ саны: 3 оқ дайындық, 5 оқ бақылау; атыс тұрысы: тұрып, шынтақ тіреп ату.
2 сайыс: Қарумен саптық тәсілдер. Топтың барлығы қатысады, саптық тәсілдерді дұрыс орындау қадағаланады.
3 сайыс: Газ тұмылдырықтыуақытқа кию. Топтың барлығы қатысады, ең аз уақытқа газ тұмылдырықты дұрыс және тез киген топ жеңіске жетеді.
4 сайыс: Автоматты толық емес бұзып жинау. Әр топтан 1 ұл және 1 қыз қатысады. Автоматты дұрыс және тез толық емес бұзып жинаған топ жеңіске жетеді.
5 сайыс: Оқжатарды оқпен жарақтау. Әр топтан 1 ұл және 1 қыз қатысады. Оқжатарды оқпен жарақтауды дұрыс және тез жинаған топ жеңіске жетеді.
6 сайыс: Ұйқыға жату және тұру. Әр топтан 1 ұл бала қатысады. Жылдам әрі дұрыс уақытқа киімді кию және жинақтаған топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Демеңіздер біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Егер де сіздер рұқсат етсеңіздер
Осыменен сайысымыз аяқталды.
Әділ қазылар сайыстың қорытындысын шығарғанша экраннан мектеп оқушыларының жетістіктерін көріп тамашаланыздар!
Слайд көрсетіледі. 5 минут
Жүргізуші: Әділ қазылар алқасына сөз кезегін берейік. Марапаттау.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!