Қазақстандық колледждерге құжаттарды қабылдау 25 маусымда басталады » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстандық колледждерге құжаттарды қабылдау 25 маусымда басталады

24
июнь
2026

Қазақстандық колледждерге құжаттарды қабылдау 25 маусымда басталады

👜Қазақстандық колледждерге құжаттарды қабылдау25 маусымда басталады:
140 мың грант бөлінді

📍Қазақстанда 25 маусымнан бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталады. 2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 140 мың орын бөлінді.

💻Талапкерлер құжаттарды Egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып электронды түрде тапсыра алады.

🧷Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық мамандықтар бойынша ұлғайтылды.

👷‍♂️Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриатқа түсушілер үшін конкурс міндетті және бейіндік пәндер бойынша аттестаттың орташа балы негізінде өткізіледі.

👨‍💻Жұмысшы біліктілігін алуға ниетті түлектер колледждерге әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады.

👩‍💻Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін эссе немесе диктант, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандар өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімдері:

🔺Жұмысшы біліктілігі бойынша - 25 маусымнан 27 тамызға дейін;
🔺Орта буын мамандықтары бойынша (9 және 11 сынып базасында) - 25 маусымнан 22 тамызға дейін;
🔺Шығармашылық мамандықтар бойынша - 25 маусымнан 20 шілдеге дейін;
🔺Педагогикалық мамандықтар бойынша - 25 маусымнан 10 тамызға дейін (9 және 11 сынып базасында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында);
🔺Медициналық мамандықтар бойынша - 9 сынып базасында 25 маусымнан 10 тамызға дейін, 11 сынып және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 25 маусымнан 15 тамызға дейін;
🔺Кешкі оқу нысаны бойынша - 25 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.

📍Сондай-ақ колледждерге қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №261 бұйрығына сәйкес квота қарастырылған.

➡️Бұйрықтың толық мәтінімен «Әділет» құқықтық ақпараттық жүйесі арқылы танысуға болады:
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033298