Жеңіс күні құтты болсын! » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы

09
май
2019

Жеңіс күні құтты болсын!

Қасиетті де ұлы мереке - Жеңіс күні құтты болсын!
Осыдан 74 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді.
Қымбатты ардагерлер! Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер. Қандай шаруаға да белсене қатыстыңыздар. Бүгінгі күні де біздің ортақ проблемаларымыздан шет қалмайсыздар, даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер. Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.
Қымбатты Отандастар! Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!