АБАЙ ОҚУЛАРЫ-2019. БАС ЖҮЛДЕ ҚАНЖЫҒАДА!!! » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы

29
август
2019

АБАЙ ОҚУЛАРЫ-2019. БАС ЖҮЛДЕ ҚАНЖЫҒАДА!!!

Оқу жылы тамаша жаңалықпен басталғалы тұр.
Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында 2019 жылдың 26-29 тамыз күндері Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XX мерейтойлық республикалық Абай оқулары өтті.
Шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы.
Абай оқуларына қатысушылар алты бөлім бойынша сайысқа түсті:
- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»- Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы;
- «Абайдың қара сөздері» - Абайдың қара сөздерін оқу конкурсы;
- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын оқу конкурсы;
- «Көңілім әнді ұғады»- Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау конкурсы;
-«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»- жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер);
-«Ұлылар әлемі» - Абай, Шәкәрім шығармашылығынан эссе жазу конкурсы.
Мектебіміздің 11 сынып оқушысы Қадырмолдина Дэльяра «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында 1 орынға ие болып, Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті ректорының грантын жеңіп алды. Жетекшісі қазақ тілі мұғалімі Отынбаева Д.Б. Құттықтаймыз!
Талабыңа нұр жаусын, Дэльяра!




Похожие публикации: