ҚР БҒМ 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына толықтыру енгізу туралы » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚР БҒМ 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

13
апрель
2020

ҚР БҒМ 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

«Пандемия кезеңінде білім беру 

ұйымдарында COVID-19 коронавирустық

инфекцияның таралуына жол бермеу

жөніндегі шараларды күшейту туралы»                             

Қазақстан Республикасы Білім 

және ғылым министрінің  2020 жылғы 

1 сәуірдегі № 123 бұйрығына

 толықтыру енгізу туралы



БҰЙЫРАМЫН:

1. «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                  2020 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

9-тармақ мынадай редакциядағы  6-абзацпен толықтырылсын:

Қашықтықтан оқыту (ҚО) шеңберінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оқу тапсырмаларын орындау жөнінде педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар  (5-қосымша);

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті  (М.Т. Мелдебекова) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының назарына жеткізсін.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



Министр                                                                          А. Аймағамбетов