"Ауған соғысы - жүректегі жара" атты тәрбие сағаты » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Ауған соғысы - жүректегі жара" атты тәрбие сағаты

12
февраль
2021

"Ауған соғысы - жүректегі жара" атты тәрбие сағаты

Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған ауыр оқиғалардың бірі – Ауған соғысы. Он жылдай уақытқа созылған зұлмат соғысқа 22 мың қазақстандық қатысты. Биылғы   жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толып отыр. Осы күнге орай 12.02.21 күні 7 "В" сыныбында "Ауған соғысы - жүректегі жара"  атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты:   Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып,Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған,жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу,жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге,тарихи тағылым беру,оқушыларды елжандылыққа,отансүйгіштікке,ізгілікке баулу.

Сынып жетекшісі: Советқанова М.С.