Бірінші сыныпқа қабылдау. » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы

18
март
2021

Бірінші сыныпқа қабылдау.

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 2021 жылғы 1 сәуірден бастап  мектепке онлайн-өтініш бере алады

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап облысымызда жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау бойынша электрондық жүйе жұмыс істей бастайды. Биылғы жазда әр ата-ана мектепке өтінішті өткен жылғыдай үйден шықпай онлайн режимде бере алады.

Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) www.egov.kz порталы арқылы  ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады.

Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, қажетті ақпаратты толтырып, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек. Олар – 026/у-3 үлгісі бойынша «Баланың денсаулық құжаты»; 063/у үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжат және 3х4 өлшеміндегі екі фотосурет. Құжаттар толық болмаса және скан-көшірмелерді оқу қиын болса, қызмет көрсетуден бас тарту мүмкін.

Компьютер немесе интернет болмаған жағдайда, ата-аналар жақын маңдағы мектепке барып, қызметкерлерден көмек сұрай алады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив