01
сентябрь
2021
1 қыркүйек - Білім күні мерекесі.
1 қыркүйек- Білім күні мерекесіне орай «№27 ЖОББМ» КММ-де салтанатты лездеме өтті. Талай шәкірттерін үлкен өмірге қанаттандырған білім ошағы биыл өз қатарын жаңа буынмен толықтырды. Лездемеге карантиндік талаптарға байланысты тек 1 сыныптар ғана қатысты. Мектеп табалдырығын енді ғана атттаған бүлдіршіндерге «Әліппе» оқулығы табысталды. Лездеменің екінші бөлімі «Тәуелсіздіктің жетістіктері» атты тәрбие сағаттарына ұласты. 

















