25
ноябрь
2021
«Тәуелсіздік-Тұғырым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай 5 «Б» сыныбымен «Тәуелсіздік-Тұғырым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз Астана қаласымен таныстыру. Еліміздің атақты ақындары, ғалымдары, ағартушылары жайында мәлімет беру.
2. Дамытушылық. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.
Оқушылар шара барысында еліміздің тарихи саяхатына белсене қатысты. Іс-шарада Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Қ.Рысқұлбеков және т.б. да есімдер аталды. Сол бір сұрапыл күндердегі Қазақстан жастарының қасіретті тарихы айтылды. Оқушылар Желтоқсан оқиғасына арнаған өлеңдерін оқып,желтоқсан оқиғасы туралы көптеген мәліметтер алды. Дайындаған: кітапханашы А.Ж. Құдайбергенова