Халық жазушысы Ғ.Мұстафиннің туған күніне орай тәрбие сағаты өткізілді » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Халық жазушысы Ғ.Мұстафиннің туған күніне орай тәрбие сағаты өткізілді

11
февраль
2022

Халық жазушысы Ғ.Мұстафиннің туған күніне орай тәрбие сағаты өткізілді

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Осы мақсатта ««Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында»7 «А» сыныбында  Қазақстанның халық жазушысы Ғабиден Мұстафиннің туған күніне орай тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты- жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысу; жазушы шығармаларының идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, шығармаларды нақышына келтіріп оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру. өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту,коммуникативтік,оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыта білу.  Тәрбие сағатында оқушыларға жазушы туралы  ақпарат беріліп, бірнеше шығармаларын атап өтті. Ғабиден Мұстафин туралы бірнеше сауалнамалар қойылды, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра білді.
Сынып жетекшісі: Дуйсембаева Г.А