Өзін-өзі танудан жалпыреспубликалық сынып сағаты өтті
23 қараша 2020 жылы «Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмір негізі» атты жалпыреспубликалық сынып сағаты өткізілді. Біздің мектебімізде де оқушыларға қашықтан оқыту форматында өзін-өзі тану сынып сағаттары өткізілді. Мектеп бойынша 1-4, 5-7, 8-11 сыныптар оқыту тілдеріне байланысты өзін-өзі тану пәні мұғалімдері Р.Б. Болыскенова, А.Б. Бозжигитова, А.Т. Куртубаева, А. М. Нургалиева жүргізді. Жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағатында мәңгілік өзгермейтін қүндылықтар туралы әңгіме айтылады.