08
апрель
2024
"Сүйіспеншілік – сыйластық кілті" атты тренинг сабағы өтті.
08.04 күні 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған "Сүйіспеншілік – сыйластық кілті" атты тренинг сабағы өтті. Сабақтың мақсаты:
Отбасында эмоционалдық тепе-теңдік пен өзара түсіністік орнату үшін балаға сүйіспеншілік таныту қабілетін дамыту.
Міндеттері:
- ата-аналардың отбасында балаға жан-жақты қолдау көрсетуге, қарым-қатынаста шынайылық танытуға деген ұмтылысын дамыту;
- "Айналайын", "Махаббат тілі", "Эмоционалдық манипуляциялар" және т. б. ұғымдардың мағынасын түсінуге ықпал ету;
- қарым-қатынаста сезімдерді білдіру дағдыларын, жоғары сынып оқушысымен шетін тақырыптарға сөйлесе білуді қалыптастыру. Өткізген мұғалімде: Тюлеубекова Т.Т, Анапьянова А,Д, Исабекова А.С.