“Құрлық Әскерлері” Әскери институтының 1-курс курсанты 11-сынып оқушыларымен жүздесті. » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Құрлық Әскерлері” Әскери институтының 1-курс курсанты 11-сынып оқушыларымен жүздесті.

21
январь
2026

“Құрлық Әскерлері” Әскери институтының 1-курс курсанты 11-сынып оқушыларымен жүздесті.

 2026 жылдың 21 қаңтар күні мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында маңызды кездесу өтті.
Кездесуге 2025 жылғы мектеп түлегі, қазіргі таңда “Құрлық Әскерлері” Әскери институтының 1-курс курсанты Құсманов Дәулет Төлеужанұлы және Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Е.Б. Тиыштықбаев қатысып, 11-сынып оқушыларымен жүздесті.
Іс-шара барысында курсант Дәулет Төлеужанұлы әскери институтта оқу ерекшеліктері, түсу талаптары, курсанттардың күнделікті өмірі мен әскери мамандықтардың маңызы туралы кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ, оқушыларды қызықтырған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар ұсынылды.
Бұл кездесу болашақ мамандық таңдауда оқушыларға бағыт-бағдар беріп, Отанға қызмет етуге деген қызығушылықтарын арттырды.
🇰🇿 Ел қорғаны болу — үлкен абырой әрі жауапкершілік!
@visvsila
#Кәсәптікбағдар