ЗӘКАРИЯ ӘЛИЯ
ЗӘКАРИЯ ӘЛИЯ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
2017 жылдың түлегі
Мектебіміздің 2017 жылғы түлегі Закария Әлия 11 сынып оқып жүрген кезінде республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасына қатысып, «Ақбілек» романынан үзінді оқыған. Әлия осы олимпиаданың қалалық, облыстық, республикалық кезеңдерінде жеңіске жетіп, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша Сүлеймен Демирель атындағы университет грантын ұтып алды. Сонымен қатар, бірінші курста оқып жүріп, «SDU аруы-2018» байқауы финалында дәл осы үзіндіні оқып, әділ-қазылар мен көрерменді тәнті етіп, жеңіске жетті. Бүгінде Әлия Маратқызы педагогика ғылымдарының магистрі, SDU университетінің оқытушысы.
ЖЕТІСТІКТЕР: Республикалық "Жарқын болашақ" олимпиадасы СДУ - грант 2017 ж. Республикалық "Абай әлемі" сайысы І орын С.Аманжолов атындағы ШҚО университеті грант 2017 ж. Сулейман Демирель университетіндегі Республикалық студенттер арасындағы жоба жұмыстары ІІІ орын 2017 ж. "СДУ Аруы - 2018" І орын "Абай әлемі" Республикалық студент жастардың өнер фестивалі - "Үздік қатысушы" 2018 ж. Қалалық студенттер арасындағы "Жас қаламгер" сайысы ІІІ орын 2019 ж. “Ахмет аманаты” Республикалық үздік мақалалар жарысы ІІІ орын 2022 ж.