ПЕДАГОГТЕР ДИНАСТИЯСЫ - "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы. http://semey-27.edu.kz/ ru ПЕДАГОГТЕР ДИНАСТИЯСЫ - "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы. DataLife Engine НҰРҒАЛИЕВТЕР ӘУЛЕТІ http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2381-nralievter-ulet.html http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2381-nralievter-ulet.html НҰРҒАЛИЕВТЕР ӘУЛЕТІ

ӘУЛЕТТІҢ ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТ ӨТІЛІ – 3 БУЫНДА 223 ЖЫЛ

ҚОЙБАҒАРОВА ЕЛЕМЕС ҚОЙБАҒАРҚЫЗЫ (әжесі)

           1924 жылы бұрынғы Семей облысының Жарма ауданы Ақжал кенді мекенінде дүниеге келген. 1941 жылы Семей қаласында мұғалімдерді даярлайтын қысқамерзімді курстан өтіп, Ақжал кентінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Тұрмыс құруына байланысты 1947 жылы Жарма ауданы Жаңғыз-Тобе станциясының № 235 қазақ мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып орналасып, аталған мектепте 40 жыл ұрпақ тәрбиесі жолында аянбай еңбек етті. Білім беру саласына сіңірген орасан зор еңбегі үшін Қазақ ССР Ағарту министрлігінің  шешімімен «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен наградталған. Сонымен қатар тыл майданындағы қажырлы еңбегі үшін «Ұлы Жеңіске 30, 40, 50 жыл» медальдарымен наградталған. 

]]>

]]>
admin Wed, 08 Jan 2025 15:39:03 +0600
БЕЙСЕНБЕКОВТАР ӘУЛЕТІ http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2378-bejsenbekovtar-ulet.html http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2378-bejsenbekovtar-ulet.html БЕЙСЕНБЕКОВТАР ӘУЛЕТІ

БАРЛЫҚ ҰСТАЗДЫҚ ЕҢБЕК ӨТІЛ: 485 ЖЫЛ

САДЫХАНОВ БЕЙСЕНБЕК – еңбек өтілі-46 жыл. 1925 жылы 6 ақпанда Семей облысы, Жарма ауданының Қапанбұлақ ауылының іргесінде Еңірекей қыстағында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 

Қазіргі Көктүбек ауылындағы жеті жылдық мектепті бітірген соң, 17 жасынан бастап 1942 жылдан 1943 жылға дейін «Базар» колхозында колхозшы болып, 1943 жылғы 23 қаңтарында Ұлы отан соғысына қатысуға шақыры- лып, алғашында Қиыр Шығыстағы Бирибиджан қаласындағы 34-атқыштар дивизиясында, одан соң 1944 жылдың ақпан айына ]]>

]]>
admin Wed, 08 Jan 2025 15:24:09 +0600
СҮЛЕЙМЕНОВТЕР ӘУЛЕТІ http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2379-slejmenovter-ulet.html http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2379-slejmenovter-ulet.html СҮЛЕЙМЕНОВТЕР ӘУЛЕТІ

ӘУЛЕТТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨТІЛІ – 195 ЖЫЛ

Абралы ауданының тумасы, Семей қаласының тұрғыны болған, Республика білім беру ісінің озығы СҮЛЕЙМЕНОВ ЕЛЕУСІЗ СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ 1942 жылы 10 маусымда Абыралы ауданында дүниеге келген. Сол кездегі облыс орталығындағы мектеп-интернаттың түлегі. 1961 жылы мектепті бітіріп,  Семейдегі Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институтының  физика факультетіне түсіп, 1965 жылы институтты үздік бітіріп шыққан. 1965 жылы жолдамамен Абай ауданының Саржал орта мектебіне жіберіліп, еңбек жолын сәтті бастаған. Мектепте жастар клубы, еркін спорт секциясын ашып, жаттықтыру жұмыстарымен шұғылданады. 1969 жылы облыстық оқу бөлімінің бұйрығымен, өзі ]]>

]]>
admin Tue, 07 Jan 2025 15:30:27 +0600
БАҚДАУЛЕТОВТЕР ӘУЛЕТІ http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2385-badauletovter-ulet.html http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2385-badauletovter-ulet.html БАҚДАУЛЕТОВТЕР ӘУЛЕТІ

БАРЛЫҚ ҰСТАЗДЫҚ ЕҢБЕК ӨТІЛ: 143 ЖЫЛ

(Анасы)КӨКЕБАЕВА БӘТІШ 1957жылы Н.К.Крупская атындағы пединституттың математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 1957- 1987 жылдары Абай ауданы орта мектептерінде  мұғалім болып еңбек етіп, 1987 жылы зейнетке шықты, еңбек өтілі 30 жыл.

]]>
]]> admin Mon, 06 Jan 2025 15:56:40 +0600
БЕЙСЕНБАЕВТАР ӘУЛЕТІ http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2383-bejsenbaevtar-ulet.html http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2383-bejsenbaevtar-ulet.html БЕЙСЕНБАЕВТАР ӘУЛЕТІ

ӘУЛЕТТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨТІЛІ – 120 ЖЫЛ(Әкесі) БЕЙСЕНБАЕВ ЕСЕНТАЙ БЕЙСЕНБАЙЕВИЧ 1953 жылы Семейдегі Н.К.Крупская атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтының математика және физика мамандығы бойынша бітіріген. Бесқарағай ауданы Беген ауылына 1953 жылың 1 қыркүйегінен бастап 1993 жылға дейін ұстаз, мектеп директоры, интернат меңгерушісі болып қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан.

]]>

]]>
admin Mon, 06 Jan 2025 15:50:25 +0600
ДЕКМАНОВТАР ӘУЛЕТІ http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2382-dekmanovtar-ulet.html http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2382-dekmanovtar-ulet.html ДЕКМАНОВТАР ӘУЛЕТІ

ӘУЛЕТТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨТІЛІ – 215 ЖЫЛ(Декмановтар әулетінің келіні) ДЕКМАНОВА ТЕҢІЛІК АХМЕТОВНА 03наурыз 1936 жылы дүниеге келген. Еңбек өтілі: 5 жыл. 1954-1959 жылдары Ақсуат ауылында   бастауыш мектепте ұстаздық қызметте болған.

]]>

]]>
admin Sun, 05 Jan 2025 15:47:38 +0600
ШӘРІПХАНОВТАР ӘУЛЕТІ http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2380-shrphanovtar-ulet.html http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2380-shrphanovtar-ulet.html ШӘРІПХАНОВТАР ӘУЛЕТІ

ӘУЛЕТТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨТІЛІ -  228 ЖЫЛ

ЖУМАНБАЕВ ШӘРІПХАН 1916 жылы Абай ауданының Архат ауылында дүниеге келген. 1936-1937 жылдары Зайсан педагогикалық колледжін бітіріп, Ақсуат ауданының Қызыл жұлдыз ауылындағы орта мектепте мұғалімдік қызмет атқарған. 1941ж Ұлы Отан соғысы басталғанда Ақсуат ауылынан соғысқа аттанып хабарсыз кеткен. 

]]>
]]> admin Sun, 05 Jan 2025 15:34:48 +0600
ДЮСЕМБАЕВТАР ӘУЛЕТІ http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2384-djusembaevtar-ulet.html http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2384-djusembaevtar-ulet.html ДЮСЕМБАЕВТАР ӘУЛЕТІ 

ӘУЛЕТТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨТІЛІ – 201 ЖЫЛ

 (Ағасы) ДЮСЕМБАЕВ АНУАРБЕК, 1918 жылдың 15 наурызында Семей  облысы, Абай ауданы аумағында дүниеге келген.1939 жылы Семей педагогикалық техникумын тәмамдаған. Германия тарапынан соғыс қаупінің күшеюіне байланысты 1941 жылдың мамыр айында КСРО Қызыл Армиясына шақырылды.1947 жылы Семей облыстық драмалық театрының директоры болып тағайындалды. 1947–1950 жылдары Семей қаласындағы №5 орта мектептің директоры қызметінде болды. 1953 жылдың наурыз айында Корей соғысының басталуына байланысты КСРО-ның запастағы офицері ретінде әскери жиынға шақырылды.1954 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих және география факультетін экстернат арқылы тәмамдады. 33 жылдан астам уақыт бойы Аягөз, Жаңасемей аудандарында, сондай-ақ Семей қаласында мектеп директоры болып жұмыс істеді. Зейнетке шыққанға дейін Семей қаласындағы №34 мектептің директоры қызметін атқарды. 

]]>

]]>
admin Sat, 04 Jan 2025 15:53:34 +0600
АЛИМБАЕВТАР ӘУЛЕТІ http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2386-alimbaevtar-ulet.html http://semey-27.edu.kz/rmet-tatasy/pedagogter-dinastijasy/2386-alimbaevtar-ulet.html АЛИМБАЕВТАР ӘУЛЕТІ

ӘУЛЕТТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨТІЛІ – 58 ЖЫЛ(Анасы) АЛИМБАЕВА НУРЖАЙНАТ ГАЗИЗОВНА 1961 жылы, 9 маусымда Бесқарағай ауданы, Бөдене ауылында дүниеге келген. 1978 – 1982 жылдар аралығында  Семей қаласындағы Н.Крупская педагогикалық институтының «Физика, математика» мамандығында оқыған.  1983 жылдан бастап Бесқарағай ауданы, Бөдене аулының «Бөдене орта мектебінде» физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.  2020 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «Жылдың үздік 100 мұғалімі» төс белгісімен марапатталған. 2021 жылы аталған осы мектептен зейнетке шыққан. Еңбек өтілі: 40 жыл, жоғары санатты ұстаз.

]]>

]]>
admin Fri, 03 Jan 2025 15:59:16 +0600