Әріптес Смыков Ермек Амангелдіұлын еске алу
Қым-қуат бітпейтін жыбырлаған тірліктің бір әредігінде, жата қалып едім, көзім ілініп кетіпті. Шар ете түскен ұялы телефонның дауысынан, ұйқылы–ояу санамды, әріптесімнің хабары шайдай ашты... ЕРМЕК қайтыс болыпты... Жай түскендей суық хабардан отыра кеттім... Көз алдымнан бірге істеген жылдар өтіп жатыр... Жаны жайсаң, ақ көңіл, кішіпейіл, ешкімнің көңілін қалдырмайтын - осы азаматпен, менен мүшел жас кіші болса да, алғашқы көргеннен-ақ достығымыз жарасып кетіп еді.