О нас » Страница 163
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Нашар көрушілер
нұсқасы

Өзін-өзі танудан жалпыреспубликалық сынып сағаты өтті
23
ноябрь
2020
Өзін-өзі танудан жалпыреспубликалық сынып сағаты өтті
23 қараша 2020 жылы «Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмір негізі»  атты жалпыреспубликалық сынып сағаты өткізілді. Біздің мектебімізде де оқушыларға қашықтан оқыту форматында өзін-өзі тану сынып сағаттары өткізілді. Мектеп бойынша 1-4, 5-7, 8-11 сыныптар оқыту тілдеріне байланысты өзін-өзі тану пәні мұғалімдері Р.Б. Болыскенова, А.Б. Бозжигитова, А.Т. Куртубаева, А. М. Нургалиева  жүргізді. Жалпыреспубликалық өзін-өзі тану сағатында мәңгілік өзгермейтін қүндылықтар туралы әңгіме айтылады.
Жалпыға бірдей әскери қызмет. Онлайн-кездесу.
20
ноябрь
2020
Жалпыға бірдей әскери қызмет. Онлайн-кездесу.
2020-2021 оқу жылына арналған әскери–патриоттық тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2004 жылы туған «№27 ЖОББМ» КММ ұл балаларымен жоспарланған  ZOOM платформасы арқылы кездесу, әнгіме өткізілді. Әңгіме барысында ҚР ҚК әскери дайындығын және оқу–тәрбие үдерісін, тәртіптілікті, әскери тәртіпті тиісті деңгейде ұстап тұру маңыздылығы түсіндірілді. ҚР Конституциясының 36 бабының негізінде «Әрбір азамат өз Отанын қорғауға міндетті», -делінген. Мемлекетіміздің тыныштығын қорғау- қасиетті борышымыз. 
Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадасында
16
ноябрь
2020
Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадасында
Жаратылыстану математика циклы (география пәні) пәндері бойынша Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадасындағы үздік нәтиже көрсетіп женімпаз атанған Шалқарқызы Дана І дәрежелі, Атамбек Дана ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшілері: Туякбаева Н. М. Құттықтаймыз!
"Кітап оқуды тоқтатқан адам, ойлауды да тоқтатады" тәрбие сағаты.
13
ноябрь
2020
"Кітап оқуды тоқтатқан адам, ойлауды да тоқтатады" тәрбие сағаты.
"Кітап оқуды тоқтатқан адам, ойлауды да тоқтатады" тәрбие сағаты. 7 "В" сыныбы. Мақсаты: білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Сынып жетекшісі: Советқанова М. С.
Внутришкольный дистанционный лагерь "Солнышко". 3 "Г"
12
ноябрь
2020
Внутришкольный дистанционный лагерь "Солнышко". 3 "Г"
4 день,  12 ноября, Тема:  «Наша планета». 3 "Г" класс. Классный руководитель Капасова К.Ж.
Ғылыми жоба. 3-орын. Құттықтаймыз!
11
ноябрь
2020
Ғылыми жоба. 3-орын. Құттықтаймыз!
8-11 сынып оқушылары арасында өтетін республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінде  1 0  «А»  сынып  оқушылары  Амангельдинов  Тимур мен Атамбек Дана химия пәнінен « Антибиотиктердің   адам   ағзасына   тигізетін   әсері »  тақырыбында жоба қорғап, жүлделі  3-орынға  ие болды . Жетекшілері  Анапьянова А.Д.  Құттықтаймыз!
Ұлы дананы туған, Ұлы дала тарихы
11
ноябрь
2020
Ұлы дананы туған, Ұлы дала тарихы
«Ұлы дананы туған, Ұлы дала тарихы» тақырыбында Абай еліне саяхат. Осы тақырып аясында «№27 ЖОББМ» КММ 8 «Б» сынып жетекшісі Нургазина Багжан Ауезовна және оқушылары онлайн саяхат жасады. Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі туралы мәлімет алды. Мұражай Абайдың өмірі мен шығармашылық жолынан толық мағлұмат беретін мекеме. Семей қаласынан 180км, Қарауылдан 25 км қашықтықта орналасқан. Виртуалды саяхат арқылы тек аталған мұражай ғана емес, бүкіл әлемдегі көптеген мұражайларды тамашалауға болады.