«Bebras» халықаралық информатика бойынша ойын-конкурсы - II дәрежелі
ЖЕТІСТІКПЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🏆 «Bebras» халықаралық информатика бойынша ойын-конкурсында 5"А" сынып оқушысы Эльдарұлы Алинур II дәрежелі дипломмен марапатталды! 👏 Бұл байқау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Аталған жетістік – білімге деген қызығушылықтың, логикалық ойлау мен цифрлық сауаттылықтың айқын дәлелі. Осындай табандылық пен ізденіс алдағы уақытта да биік белестерге жетелей берсін!