«Тілдер шеруі» айлығы «Тіл — достық көпірі» атты этнофестивалімен
Қазақстан халқының тілдері күні аясындағы «Тілдер шеруі» айлығы «Тіл — достық көпірі» атты этнофестивалімен аяқталды. Мақсаты: білім алушылардың мәдени қарым-қатынас дағдыларын дамыту, Қазақстанда тұратын түрлі халықтардың салт-дәстүрлерімен таныстыру, тілге деген құрмет пен қызығушылықты арттыру, достық пен өзара түсіністікті тәрбиелеу. Салтанатты іс-шараға барлық буындағы білім алушылар жұмылдырылды. Этнофестивальдің бірінші бөлімінде поэзия оқу, сахналық көрініс, музыкалық қойылымдар