02
октябрь
2025
«Тілдер шеруі» айлығы «Тіл — достық көпірі» атты этнофестивалімен аяқталды
Қазақстан халқының тілдері күні аясындағы «Тілдер шеруі» айлығы «Тіл — достық көпірі» атты этнофестивалімен аяқталды. Мақсаты: білім алушылардың мәдени қарым-қатынас дағдыларын дамыту, Қазақстанда тұратын түрлі халықтардың салт-дәстүрлерімен таныстыру, тілге деген құрмет пен қызығушылықты арттыру, достық пен өзара түсіністікті тәрбиелеу. Салтанатты іс-шараға барлық буындағы білім алушылар жұмылдырылды. Этнофестивальдің бірінші бөлімінде поэзия оқу, сахналық көрініс, музыкалық қойылымдар көрсетіліп, екінші бөлім сурет салу, кесте тоқу, әшекей бұйымдар жасау, ребус шешу, этномозаика құру, әртүрлі тілде ән айтумен жалғасып, патриоттық флешмобпен аяқталды. Іс-шараны өткізген қазақ, орыс, ағылшын тілі әдістемелік бірлестіктерінің пән мұғалімдері.
⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️
⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️

