27
декабрь
2021
"Қош, бол сүйікті Әліппем!" атты ертеңгілік өтті
27 желтоқсан күні "27 ЖОББМ" КММ-де 1-сыныптар арасында Әліппе оқулығын оқып аяқтауға байланысты "Қош, бол сүйікті Әліппем!" атты ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағына Әліппе оқулығының маңыздылығын көрсету. Алғашқы Әліппе оқулығына құрмет көрсетуді насихаттау.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушыларының алғаш қолына ұстаған кітабы, оқулығы - Әліппе! Әліппеден хат танып, оқуды, жазуды үйренеді, өмір бойына азық алады. Жас бүлдіршіндер оқулыққа ризашылығын айта отырып, қимастықпен қоштасты.