ҰБТ-ге дайындық. «Юстади» тестілеу орталығында өткен байқау тест.
Мектеп түлектерінің алдында мемлекеттік қорытынды аттестаттау мен жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсыру міндеті тұр. Сондықтан қазіргі уақытта 11 сынып оқушыларымен жан-жақты дайындық жүргізілуде. Мектеп түлектеріне қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындаудың дәстүрлі емес нысандары, әдіс-тәсілдері ұсынылуда. Қыркүйек айынан бастап жүргізілген тестілеуде «Достық» білім беру орталығы, «Пять+» тестілеу орталығының сынама тестілері пайдаланылып, онлайн тестілеуге де қатысты.