12
июнь
2019
ҮЗДІК АТТЕСТАТ ИЕГЕРІ АХМЕТОВА АРУЖАН
Ахметова Аружан - үздік аттестат иегері. Аружан тарих пəнінен қалалық пәндік олимпиада жеңімпазы, облыстық кезеңнің жүлдегері. Қ. И. Сәтбаевтың туғанына 120-жыл толуына орай өткізілген "Сәтбаев оқулары-2019" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында информатика пәнінен жоба қорғап, жүлделі 2 орынға ие болды..
Аружан, үлкен өмірге қанат қағып барасың. Қанатың талмасын, биіктерге шырқа! ЕНТ-ден сүрінбей өтіп, жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітіруіңе тілектеспіз. Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол!
Мектеп өмірі артта қалды, алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруіңе тілектеспіз!






