11 сынып. Алгебра және анализ бастамалары пәнінен емтихан.
4 маусым 2025 жылы мектебіміздің 11-сынып оқушылары жалпы орта білім беру курсы бойынша алгебра және анализ бастамалары пәнінен емтихан тапсырды. Жалпы 11-сынып түлектерінің саны — 47, оның ішінде 3 оқушы алтын белгіге үміткер. Бүгінгі сынақ — оқушыларымыздың білім жолындағы маңызды кезеңдердің бірі. Мектеп директоры Тукенова А.Т. мен директордың оқу ісінің орынбасары Шәріпхан Д.Е. оқушыларға емтихан тәртібімен таныстырып, сәттілік тіледі.