«Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін» атты үстел өткізілді » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Средняя общеобразовательная школа № 27
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Версия для
слабовидящих
» » » «Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін» атты үстел өткізілді

12
декабрь
2020

«Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін» атты үстел өткізілді

Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты «№27 ЖОББМ» КММ-нің  7 «А», 7«Б», 7 «В» сынып оқушыларымен ZOOM платформасы арқылы  тарих пәнінің мұғалімі Р.Б.Болыскеновамен «Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты:   Іргелі еліміздің Тәуелсіздігін ұлықтау, оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру; Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, көрсету; өскелең ұрпақты өз елін сүюге, қастерлеуге үйрету;  еліне, жеріне деген ұлтжандылық сезімін қалыптастыру; азаматтық белсенділік, өз пікірін жеткізе білу сынды қасиеттерді бойына сіңіруге атсалысу.

Дөңгелек үстел барысында,  оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,  осы қиын жылдарда елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялылары жайлы мәліметтер берілді. Ата-бабаларымыздың осыдан жүздеген жыл бұрын мемлекет құрғандығын, олардың ішкі, сыртқы саясаты болғандығын және әрқашанда тәуелсіздік, мемлекеттік ұғымы санадан ұзап кетпегендігі жайлы айтылды. 

Тәуелсіздік күні - Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі. халқымыздың бақыты.

Шараға қатысқан оқушылар да өздерінің пікірлері мен ойларын ортаға салды.Мектеп қабырғасындағы жастардың еліміздің Тәуелсіздікке қалай келгендігі жайлы көп ақпарат білетіндігі,  айтқан ой-пікірлері, келтірген деректерінің көптігі қуантарлық. Болашақта осы Тәуелсіздікті тұғырында нық   ұстау осы өскелең ұрпақтың қолында.

 Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары: сынып жетекшілері Болыскенова Р.Б., Тюлеубекова Т.Т., Советқанова М.С.