Сәт сапар, жас түлек! » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Средняя общеобразовательная школа № 27
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Версия для
слабовидящих

14
июнь
2021

Сәт сапар, жас түлек!

Мектебімізде "Тәуелсіздік ұландары" атты мектеп бітіруші түлектерге жалпы орта білім туралы аттестат табыстау салтанатты іс-шарасы өткізілді.
Биылғы оқу жылында 32 білім алушы жалпы орта білім үшін оқу курсын аяқтап, білім ордасымен қоштасты. Оның ішінде үздік аттестат иегерлері - Сарымов Дамир, Сағатов Мағжан.
Жас түлектердің барлығы оқудағы жоғары нәтижелерімен, өнер, спорт саласындағы жетістіктерімен мектеп оқушыларына үлгі болып, білім ордасының намысын қорғап, мәртебесін нығайтты.
Білім ұясы мен жанұя жарасымдылығын қамтамасыз еткен, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан ата-аналарға мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері атынан алғыс хат табысталды.
2021 жылғы жас түлектерімізге ақ жол, сәт-сапар тілейміз!