ӨТКЕНДІ БІЛМЕСЕҢ, БОЛАШАҒЫҢ ЖАРҚЫН БОЛМАС.
МЕКТЕП ТАРИХЫ
Өткенді білмесең, болашағың
жарқын болмас.
«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін-білім», -деп ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім-барша әлем тыныс-тіршілігінің алғашқы іргетасы. Әрбір жеке тұлғаның болашағы өмір мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.
Тәуелсіз еліміз қанатын кең жайып, ел экономикасы өркендеген бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған мәселелердің бірі білімді де, іскер ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай буын қалыптастыру.
Ұлттың рухани байлығы – білімінде, ұстанар бағыты – тәрбиесінде, ал білім мен тәрбиенің сарқылмас бұлағының көзі – мектепте. Мектеп – білім мен дарынды шыңдар білім ордасы.

Абай облысы білім басқармасы Средняя общеобразовательная школа № 27 «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1974 жылы 7-ші қыркүйекте ресми түрде ашылды. Мектеп ғимараты 3 қабатты, 920 орынға есептелген, бірақ бастапқыда 1200 астам оқушы оқытылды. Бірінші түлектер 1976 жылы шығарылды. Алғашқы мектеп директоры Валлиулина Валентина Алексеевна, директордың оқу-ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТА жөніндегі орынбасары Волков Павел Иванович болды. 1967-1977 жылдары Турганбаев Марат Мананович, 1978-1990 жылдары Наливайко Елизавета Григорьевна мектеп директоры қызметін атқарды. Педагогикалық ұжымды жоғары білімді ұстаздар құрады. 1974-1980 жылдары мектеп контингентінде әртүрлі әлеуметтік деңгейдегі оқушылар болды, кейіннен әскери қызметкерлердің әйелдері жұмысқа орналасып, олардың балалары да мектепте оқи бастады. Сол кездегі білім беру саласы кеңес одағындағы саясатты ұстанып, мектепте пионер, комсомол ұйымдарын құрып, оқушыларды отансүйгіштікке, интернационализмге, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуді көздеді. Әуелде мектеп орыс тілінде оқытатын, 2003 жылы алғашқы қазақ сыныптар ашылды. Білім ордасы уақыт озған сайын қоғам дамуына ілесіп, заман талабына сай ілгері басты. 990-2009 жылдар аралығында мектеп ұжымын Турпанбаев Айдар Нурсултанович басқарды. Директордың орынбасарлары: Петрицкая Эмилия Константиновна, Кравченко Галина Васильевна, Сдержикова Елена Карленовна, Самалинова Татьяна Владимировна, Жумобаева Кымбат Токтарбековна, Ескалиева Эльмира Асафовна. Бұл кезеңде ҚР тәуелсіз мемлекет болып қалыптасып, даму жолын айқындады. Еліміздің зиялы қауымының өкілдері ретінде мектеп ұстаздары да жаңаша бағытқа бет алып, жаңа мемлекеттік бағдарламаларды меңгеріп, ауыспалы кезеңде оқушыларға тағылымды тәрбие мен терең білім беруді мақсат етті. 1997 жылы «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» «№27 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» ММ деп өзгерді, оның құрамына мектеп, балабақша, «Радуга» сауықтыру лагері енгізілді.
Жыл сайын жаз мезгілінде «Радуга» сауықтыру лагерінде көптеген балалар демалып, каникул уақытын қызықты өткізетін. Лагерьде мектеп педагогтері де тәлімгер ретінде қызмет атқарды. Ал балабақша жұмысы мектепке дейінгі оқыту мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықты нығайтты.
Турпанбаев Айдар Нурсултанович басқарған кезеңде оқушылардың экологиялық тәрбиесін жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыс атқарылды. Біздің аймақтың экологиялық жағдайы баршаға белгілі. Сондықтан жас ұрпақтың экологиялық тәрбиесі мектептің білім беру процесінде ерекше орын алатыны заңдылық. Биология пәнінің мұғалімі Рахимова Кулимхан Рахимовна "Ирис" халықаралық ұйымымен бірлесіп, экологиялық жобамен айналысты. Жұмыс барысында ол шетелдердегі халықаралық бейбітшілік шерулеріне (1989, 1990ж) халықаралық экологиялық конференцияларға (1992, 1993ж) қатысты. 1989 жылы мектепте "Еңлік" оқушылар экологиялық клубы құрылды, оның мүшелері қалалық антиядролық қозғалысқа қатысып отырды. Біздің мектепте Америка, Жапония, Германиядан келген экологиялық қоғамдастық қатысушыларымен кездесулер ұйымдастырылды. Ядролық полигонның салдарын зерделеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды, өңіріміздің түрлі ұрпақтарының өкілдерімен диалогтар өткізілді. Сонымен қатар клуб қатысушылары экология тақырыбындағы жобаларға белсене қатысып, облыстық, қалалық іс-шараларының грамоталар мен сертификаттардың иегерлері атанды.
Сонымен қатар мектебімізде спортты дамытуға да назар аударылды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, футболдан жасөспірімдер жаттықтырушысы Смыков Ермек Амангельдинович балаларды спортқа бейімдеп, футболдан әртүрлі жастағы балалар арасында команда құрды, мектеп оқушыларының басым бөлігінің спортпен айналысуына ықпал етті. Мектептің футбол командалары қалалық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленді.
2009 жылдың мамыр айынан бастап «№27 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» ММ «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» ММ деп өзгертілді. 2012 жылы «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» ММ «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ болды. 2022 жылы мектеп атауы Абай облысы білім басқармасы Средняя общеобразовательная школа № 27 «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ деп белгіленді.
2009-2023 жылдар аралығында Сулейменова Айжан Елеусизовна мектеп директоры болып табысты қызмет атқарды. Директордың орынбасарлары (әр түрлі кезеңдерде): Ибраева Нуршарбат Сабыргазиновна, Жундибаева Рәш Канапияновна, Сагадиева Жибек Серикхановна, Калиева Багила Сагидоллаевна, Секенова Ирина Алексеевна, Нурбаева Гульмира Галимовна, Шәріпхан Динара Ермековна, Тұяқбаева Нұрсұлу Маутенгазиновна, Болыскенова Роза Болыскенқызы. Бұл уақытта да білім беру саласында реформалар жүргізіліп, жаңа оқу бағдарламасы енгізілді. Мектеп ұжымы алдына нақты мақсат-міндеттер қойылды: жаңаша оқыту, әдістемелік шыңдалу, жан-жақты тұлға тәрбиелеу.
Айжан Елеусизовна білім ордасын басқарып отырған уақыт ішінде №27 жалпы орта білім беретін мектеп көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Мектептің материалды-техникалық базасы оң өзгерістер тапты. Заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа кабинеттер ашылды, ғимаратта сапалы өңдеу жұмыстары жүргізілді, мектептің іші де, сырты да заман талабына сай рәсімделді.
Айжан Елеусизовна ұлттық құндылықтарды дәріптеу, өскелең ұрпақты ұлттық руханият негізінде тәрбиелеуге ерекше назар аударды. Мәдени мұраны насихаттау, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында директордың бастамасымен мектебімізде домбра үйірмесі ашылып, шағын домбрашылар ансамблі құрылды.
Нәтижелі еңбегі ескеріліп, Айжан Елеусизовна қала әкімі, білім бөлімі, жоғары оқу орындары, қоғамдық бірлестіктерінің көптеген құрмет грамоталарымен, МОН РК алғыс хаттарымен, «Лучший менеджер» номинациясымен, «Лучший ұстаз» төс белгісімен марапатталды.
Айжан Елеусизовна мектепті басқарған уақытта педагогикалық ұжым түрлі деңгейдегі әдістемелік, тәрбиелік іс-шаралар өткізді. «Ақпараттық-коммуникативтік технология – тіл үйретудің маңызды құралы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қалалық семинары, 2011 жыл.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің «Ойын арқылы тіл дамыту» қалалық семинары, 2012 жыл.
Мектеп психологтарының «Оқушыларды тиімді оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсатында мектеп пен ата-ананың арасындағы әрекеттестік» тақырыбындағы қалалық семинар, 2014 жыл.
«Мұғалімнің кәсіби біліктілігі – нәтижеге бағытталған білім сапасының кепілі» тақырыбындағы Семей қаласы мектеп директорларының семинары, 2015 жыл.
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешілерінің «Баланы жан-жақты дамыту жолдары» тақырыбындағы қалалық семинар, 2016 жыл.
«Ұлттық патриотизм – мәңгілік ел іргетасы» тақырыбындағы тарих пәні мұғалімдерінің қалалық семинары, 2017 жыл.
Дене шынықтыру мұғалімдерінің «Ұлттық ойындарды дәріптеу» тақырыбындағы қалалық онлайн- семинар, 2021 жыл.
Білім беру реформасы аясында 2011 жылдан бастап Педагогикалық шеберлік орталықтары Ұлыбританиядағы Кембридж университетімен бірлесіп құрылған бағдарлама бойынша деңгейлік курстарды өткізе бастады. Мектептің біршама мұғалімдері де деңгейлік курсты меңгеріп, бағдарламаның түйінді идеяларын жүзеге асыру жұмыстарын жүргізді. Директордың оқу-ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТА жөніндегі орынбасары, I-ші деңгейлі сертификатталған педагог-лидер Ибраева Нуршарбат Сабыргазиновна осы бағытқа басшылық етіп, жаңа идеяларды іске асыру, тәжірибеге өзгеріс енгізу мақсатында ұстаздарды жұмылдырып, «Жаңа ғасырдың креативті ұстаздары» қоғамдастығын құрды.
Жұмыс барысында мектепті дамыту бағдарламасы әзірленіп, шығармашылық, зерттеу топтарын құру, Кембридж бағдарламасының 7 модулі бойынша коучинг-сессиялар өткізу, тәлімгерлік жүргізу, «Lesson Study» зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жүргізу, әдістемелік бірлестік отырыстарын өткізу, CPM.KZ, Педагог.KZ т.б. сайттардағы желілік қоғамдастық жұмысына қатысу, mail.ru , skype т.б. арқылы тренерлермен кеңесу, шеберлік сабақтары жүргізу т.б іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді. Сонымен қатар «Оқудағы кедергілер», «Жаңа бағалау түрлері» тақырыптарында қала деңгейінде де коучингтер ұйымдастырылды. Өткізілген жұмыстар бойынша әзірлемелер, есептер, жинақтар қалалық, облыстық, республикалық басылымдарда жарияланды.