ҚАЗАҚ ТІЛІ. » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Средняя общеобразовательная школа № 27
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Версия для
слабовидящих

13
февраль
2018

ҚАЗАҚ ТІЛІ.

          Сүйінші!!! Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында10 ақпанда Семей қаласындағы «Білім-инновация» лицейінде «Жарқын  болашақ» Х  республикалық  қазақ  тілі  олимпиадасының қалалықкезеңі  өтті.

         Қалалық додаға  қала мектептерінің  7-11 сынып оқушылары қатысып, бақ сынасты. Олимпиада «Сөз шеберлері», «Жас ғалымдар», «Жазушылар», «Тілші-әдебиетшілер», «Әнші-бұлбұлдар» сынды бес конкурс  бойынша қазақ және өзге ұлт топтарына бөлініп өткізілді. «Жарқын  болашақ» Х  республикалық  қазақ  тілі  олимпиадасының «Сөз шеберлері» бағыты бойынша № 27 жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Ерғазы Еркежан 2-орынды, мұғалімі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айтимова Б.С., 11-сынып оқушысы Экштейн Мария 3-орынды,  мұғалімдері қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Шинжина Л.Т., Отынбаева Д.Б. қанжығаларына байлап қайтты.