«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты іс-шара туралы мәлімет
«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты іс-шара туралы мәлімет
27.02.2023жыл.
Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру бойынша ісөшаралар жылдық жұмыс жоспарына сәйкес өтуде. «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны өткізудің басты мақсаты – оқушылардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, пайдалы тамақтану туралы мәлімет беріліп, асхана әдебі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Іс-шараға 1-11 сынып оқушыларының ыстық тамақ ішетін оқушылары қатысты. «Асхана әдебі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылар сұрақ қойып, өз жауаптарын алды. Мектеп медбикесі Баканова Е.В. дұрыс тамақтану, зиянсыз тағамдар секілді тақырыптарда баяндама оқып, үнемі дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар, оқушыларға тамаққа бару кестесі, асханада өзін ұстау мәдениеті, ыстық тамаққа кешікпеу, тамақ сапасы туралы шағымдарды қабылдау бойынша ұсыныстар айтылды.
Мектеп медбикесі Баканова Е.В.