22
октябрь
2026
Республика күніне арналған әскери-спорттық сайыс!
«ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ – ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР!»🇰🇿
🏆 Республика күніне арналған әскери-спорттық сайыс!
📅 2026 жылғы 22 қазанда №27 жалпы орта білім беретін мектептің спорт кешенінде 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай 10–11-сынып оқушылары арасында «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар!»атты әскери-спорттық сайыс өтті.
🎯 Іс-шараның мақсаты:Жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, әскери-спорттық дағдыларын жетілдіру, ептілікке, төзімділікке және командалық бірлікке тәрбиелеу.
💪 Сайыс барысында оқушылар өздерінің шапшаңдығын, күш-жігерін, ұйымшылдығы мен спорттық шеберліктерін көрсетті.
🏆 Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – 11 «Б» сынып
🥈 ІІ орын – 11 «В» сынып
🥉 ІІІ орын – 10 «А» сынып
👏 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділігі мен жеңіске деген жігері үшін алғыс білдіреміз!
🫡 Іс-шараны ұйымдастырушы:мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Е. Тиыштықбаев.
🇰🇿 Ел болашағы – отансүйгіш, қайсар да жігерлі ұрпақтың қолында!