ЕНТ-ге дайындық. «Юстади» тестілеу орталығында өткен байқау тест. » "№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ, Семей қаласы, Абай облысы.
Абай облысы білім басқармасының
Средняя общеобразовательная школа № 27
"№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі"
Отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 32-77-71
Директордың орынбасарлары:
+7 (7222) 32-93-57
Версия для
слабовидящих
» » » ЕНТ-ге дайындық. «Юстади» тестілеу орталығында өткен байқау тест.

21
февраль
2018

ЕНТ-ге дайындық. «Юстади» тестілеу орталығында өткен байқау тест.

Мектеп түлектерінің алдында мемлекеттік қорытынды аттестаттау мен жоғары оқу орындарына түсу үшін ЕНТ тапсыру міндеті тұр. Сондықтан қазіргі уақытта 11 сынып оқушыларымен жан-жақты дайындық жүргізілуде. Мектеп түлектеріне қорытынды аттестаттау мен ЕНТ-ға дайындаудың дәстүрлі емес нысандары, әдіс-тәсілдері ұсынылуда. Қыркүйек айынан бастап жүргізілген тестілеуде «Достық» білім беру орталығы, «Пять+» тестілеу орталығының сынама тестілері пайдаланылып, онлайн тестілеуге де қатысты.

2018 жылғы ақпанның 15-сі күні «Семей қалалық білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес мектебіміздің 11сынып оқушылары «Юстади» тестілеу орталығына барып, шынайы режимге жақындатылған сынақ тестілеуге қатысып, оффлайн түрінде тапсырды. Кезекті сынақ тестілеуде 51 оқушының 45-і өздерінің білімдерін оқу сауаттылығынан, математикалық сауаттылықтан, Қазақтан тарихынан, өздері таңдап отырған пәндері бойынша  білім деңгейлерін көрсетті. 

Алдағы уақытта мұндай сынақ тестілеу жалғастырылады.