PISА-2018. Семинар
PISА-2018 халықаралық зерттеуіне байланысты
өткізілген қалалық семинар
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендіру мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде.
Осы орайда «Семей қалалық білім беру» ММ ұйымдастыруымен 2018 жылдың 16-сы ақпанында Назарбаев зияткерлік мектебінде семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты - PISA халықаралық зерттеуінің мән-мағынасын түсіндіру және оқушыларды алда болатын зерттеуге дайындау. Математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, ғылыми жаратылыстану және жаһандық құзырлылық бағыттары бойынша жүргізілген семинар жұмысына мектеп мұғалімдері қатысып, он бес жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында тәжірибе алмасты.
Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған. Бұл зерттеу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) жүзеге асырылады. PISA зерттеуі 2000 жылы басталып, үш жылдық кезеңмен өткізіледі. Бұл қатысушы-елдерге оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелеріндегі қозғалысты, білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерді бақылауға, жүргізілген реформалардың салдарын анықтауға мүмкіндік береді.
PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика, жаратылыстану, жаһандық құзыреттілік бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.