Ағылшын тілі пән бірлестік апталығы
11.02.-16.02.2019 күндер аралығында өткен ағылшын тілі пән бірлестік апталығының есебі
11.02.-16.02.2019 аралығында«Different language is a different vision of life» «Басқа тіл –өмірдің басқа көрінісі» атты ағылшын тілі пән бірлестігінің апталығы өтті .
Апталық жоспары әдістемелік бірлестікте талқыланып мектеп директорымен бекітілді.Бірлестік пән мұғалімдері жоспар бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс сабақтар өткізді.
Апталық мақсаты: Сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру
Преподаватели өз алдарына келесі міндеттерді алдарына қойды:
-оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге,шығармашылық белсенділігін таныту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Лездемеге жауапты Туғанбаева Айна Бекжановна Лездемеде интерактивті тақтадан ағылшын тілінде видео көрсетіліп,8 А сынып оқушылары ертегіден үзінді көрсетті.
Апталықтың алғашқы сабағын Мужиченко Татьяна Георгиевна бастады.Ол ашық сабақты 8 В сыныпта өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Simple uses of Passive structures».Сабақтың мақсаты айтылды, домтапсырмасын сұрақтар қою арқылы сұралды .Сабақта әр түрлі тапсырмалар орындалды.Мұғалім оқушыларды қызықтыра білді.
“ Summarizing the chosen books ” атты ашық сабақты 5 «А» сыныбында Тюлеубекова Толқын Тюлеубековна өткізді.Оқушылардың білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының қалыптасуына осындай оқытудың әдістері мен формаларын қолдандым.Үй тапсырмасын сынып ерекшілігіне қарай берілді. Оқу материалының мазмұнына келсек:сабақтың ғылымилығы жас ерекшеліктеріне сай, күнделікті өмірмен байланысты,оқу материалының ең негізгісі талданды,интеракивті тақта тиімді пайдаланылды. Соңында балалар сабаққа «Бағдаршам» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс берді.
10 «А» сыныбында Чуйрюкова Асел Кагармановна «Be honest!» тақырыбында ашық сабақ жүргізді.Үй тапсырмасын сұрау кезінде оқушыларға деңгейлі тапсырмалар жасатты. Оқушылар жақсы орындады.Оқушылар сабаққа қатысып отырды. Тапсырманы орындау барысында оқушы денгейі ескерілген. Көрнекі құрал, суреттер тиімді пайдалынды. Сабақ мақсатына жетті деп ойдамын. Жалпы қазіргі заман талабына сай ақпараттық техникалық құралдарды сабақта қолдану оқушыларды өте қызықтырады. Сонымен қатар сабақтың сапасы артып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.
13 ақпан күні Бейсенбекова Балнұр Қуанышевна 6 а сыныбында «Talking about future plans»-өткіздіі.Оқушылардың тақырып туралы мағлұматын бір жүйеге келтіру үшін интерактивті тақтаны пайдалана отырып, сұрақ-жауап әдісін пайдаланып, сөйлеу дағдыларын тексерді.
Сабақты бекіту мақсатында кітапты пайдалана отырып, жаттығу жұмысын жүргізіп, сөйлеу дағдыларын тексерді.Интерактивті тақтада көрсетілген презентациясы талаптарға сай жасалмаған және грамматикалық тақырып терең қарастырылуы керек деген ойдамын.
Туғанбаева Айна Бекжановна 1 сыныпта «Time for CLILL Science»атты ашық сабапқ өткізді.Сабақта көптеген ойын түрлері өткізілді. Тақырыпты ашу мақсатында қоршаған орта туралы жұмбақ шешкізіп, яғни ой толғау жүргізіп, жаңа сабақтың тақырыбын таныстырды.
Апталық кезінде сыныптан тыс сабақтар да жоспар бойынша өткізіп өз дәрежесіне жетті.
Қорыта келе айтарым,ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі: Чуйрюкова А.К