2020-2021 оқу жылындағы ЕНТ тапсыру ережелері
«№27 ЖОББМ» КММ де қараша айының 30 күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының қаңтар айында өткізетін ЕНТ тапсыру ережелерімен 11 сыныптың түлектеріне таныстыру мақсатында директордың оқу- ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТАнің орынбасары Шәріпхан Д.Е. онлайн режимде жиналыс өткізді.
Жиналыста COVID-19 пандемиясына байланысты ЕНТ-ның ережелеріндегі өзгерістер жайлы айтылып,медициналық- санитарлық талаптарды қатаң сақтау туралы жадынамалар таныстырылып,2021 жылғы ЕНТ тапсырудағы өзгерістер жайлы нақты түсіндірілді.
Оқушыларға:
1) ЕНТ өткізу орындарында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар енгізілгені,түлектер короновирус індетіне байланысты енгізілген талаптарды қатаң сақтауға тиіс екендігі ескертілді.
2) ЕНТ өткізілетін ғимаратқа кіру кезінде тест тапсырушылардың арасындағы екі метрлік арақашықтықты қатаң сақтау арқылы маскалы режим жүзеге асырылады.
3) Егер ғимаратқа кіргізу барысында тыйым салынған заттар, яғни смартфондар, жауап қағаздары және басқа да құралдар табылса, онда тест тапсырушы ЕНТ-ға жіберілмейді.


















