30
март
2018
UIB ОҚУ ГРАНТЫ
Наурыз айының
24-25 жұлдызында интернет желісі бойынша Алматы қаласының «Халықаралық бизнес
Университеті» ұйымдастырған Республикалық «UNICON» атты үштілде өткен олимпиаданың финалы өтті. Олимпиада қараша айында интернет желісінде басталып, 5 турдан тұрды. Яғни, 1 тур- эссе, 2 тур- мамандық туралы видео, 3 тур- рухани жаңғыру туралы видео, 4 тур- презентация жасау, 5 тур- финал болды. Олимпиадаға 6000 оқушы қатысып, финалға 200 оқушы өтті. Соңғы 5 тур Алматы қаласының «Халықаралық бизнес Университетінде» өтіп, №27 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Санатбекова Мадина тапсырмаларды жоғары деңгейде, сапалы түрде орындап шығармашылық ізденіс танытқаны үшін К.Ә. Сағадиев атындағы ІІІ дәрежелі UIB университетінің 1 жылдық тегін оқу грантымен марапатталды.
Мадинаның жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тюлеубекова Толқын Тюлеубековна.