Ұстаздар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, мектепішілік қысқы каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Заң және тәртіп» бағыты бойынша мектебімізде ұстаздар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Аталған спорттық шараның негізгі мақсаты – ұжым арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұстаздардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, бірлік пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ заңдылық пен тәртіп құндылықтарын спорт арқылы дәріптеу болды. Жарысқа мектептің пән мұғалімдерінен