Педагог-психологтың 4 және 9 сынып оқушыларын ВОУД сынағы алдында дайындау жөнінде ата-аналарға ұсынылатын кеңестер
Педагог-психологтың 4 және 9 сынып оқушыларын ВОУД сынағы алдында дайындау жөнінде ата-аналарға ұсынылатын кеңестер.
- Балаларыңызға емтихандарға тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:
- Емтихандар алдында балаңызда қобалжуды көтермеңіздер. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін. Өйткені бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;
- Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын;
- Балаңызға дайындалу керек тақырыптарды күндерге бөліп, жоспарлаңыз;
- Балаңызды емтихандарға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;
- Тестік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағатты беріңіз;
- Балаңызды мадақтап, олардың өзіне-өзі сенімін жоғарлатыңыз;
- Балаңыздың емтихандарға дайындалудың күн тізбесін бақылаңыздар. Сонша ауыртпалық түсіртпеңіз;
- Балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т.с.с. бас миының жұмысын белсендіреді;
- Емтихан алдында балаңыз толымды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет;
- Емтиханнан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз;
- Есіңізде болсын: ең бастысы және негізгісі – балаңызда емтиханмен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу қажет.
ВОУД-ға дайындық
ü Ең бірінші сабаққа дайындалатын орынды дайында: қажеті жоқ заттарды үстелдін үстінен алып таста, керекті кітаптарды, дәптер, қағаз, қалам, қарындаштарды ыңғайлы етіп қой.
ü Отыратын бөлменің түсі сары немесе күлгін түсті болғаны жөн. Бұл түстер адамның белсенділігін арттырады. Ол үшін фото обой немесе кішігірім сурет ілген жеткілікті.
ü Оқитын сабақты алдымен жоспарла, содан кейін сабақты танертең немесе кешке оқыған қай уақыт ыңғайлы болатының белгіле. Оқитын сабақты жоспарлағанда күнделікті дайындалатын, және нақты қай тақырыпқа тоқталатынынды белгіле. Жалпы дайындалу мүмкін емес. Нақты қандай тақырып пен бөлімге дайындалуға көңіл бөлген жөн.
ü Ең қиын бөлімнен баста. Егер тақырып қиын және түсініксіз болатын болса, онда қызықты және жағымды материалдардан бастауға болады, сол себептеп сен жұмыс ырғағына енесің және жұмысың жүре бастайды.
ü Сабақ пен демалысты араластырып отыр. Айталық 40 минут сабаққа дайындалсаң, 10 минут демалып үзіліс жаса. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға, душқа түсіп алуға немесе жаттығуға болады.
ü Бүкіл тақырыпты немесе гүл кітапты басынан аяғына дейін жаттап алуға тырыспа. Пайдалы материалдарды қысқаша жоспрарлап, схема түрінде таблица түрінде қағазға сызған жөн. Бұл жоспар пайдалы, кейін қайталауға өзіңе оңай әрі жеңіл түседі.
ü Тест тапсырмасын орындаған кезде қолыңда міндетті түрде сағат болғаны дұрыс. (тапсырманы орындағанда әр сұраққа уақытпен қарап 2 минут ішінде орындауға тырыс.
ü ВОУД-ға дайындалған уақытта, мен білмеймін орындай алмаймын, қиын деп, өзіңе сенімсіз болма, керісінше өзіңе-өзің сенімдімін деп ойла.
ü ВОУД алдында бір күн толық қайталауға арна, қиын сұрақтарға тағыда тоқталып кеткен жөн.
ВОУД тапсырар алдында
Тестке толық дайындалу үшін бір күн жеткілікті деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді-өзің қажытпа, керісінше дайындықты тоқтат, жатар алдында душқа түсіп, кешке серуендеп қайт. Жақсылап ұйықтап дем ал.